2018-2019 жылдары Польшада Лешно қаласындағы Ян Амос Коменский атындағы Мемлекеттік университет базасында Польша-Қазақстан орталығы, Быдгощтағы Экономика университеті жанындағы «Қазақстан» қазақ мәдениеті орталығы, Швеч қаласындағы «Абай» жастар мәдени-ағарту орталығы, Слупск қаласындағы Помор университетінде Абай атындағы Қазақстанның мәдениет және ғылым орталығы құрылды.

Екі елдің танымал ұжымдары мен өнерпаздарының өнерлерімен алмасу болды. 2018 жылдың 20 қарашасында Варшава қаласында «Жәния Әубәкірова және жұлдыздар» фестивалі аясында Жәния Әубәкірованың концерті өтті.

2018 жылдың қазан-желтоқсан айларында Гданьск қаласындағы Ұлттық музейде Польшаның тәуелсіздігін қалпына келтірудің 100 жылдығын мерекелеуге орайластырылған «Ұлы дала мұрасы: Қазақстанның зергерлік өнер жауһарлары» атты кең форматты көрме өтті.

Мәдени өзара байланыстың маңызды элементі – Қазақстанда тұратын поляктардың ұлттық мәселелері бойынша ынтымақтастық және біздің елдер арасындағы «тірі көпір» ретінде (Қазақстандағы поляк диаспорасы шамамен 34 мың адам).

 

2019 жылдың 19 маусымында Түркістан қаласының тұрғыны Тасыбай Әбдікәрімов Қазақстан Республикасының тұңғыш азаматы ретінде Польша Республикасының Президенті Анджей Дуданың жарлығымен «Virtus et Fraternitas» медалімен марапатталды. Бұл медаль «20 ғасырдағы тоталитарлық режимдердің құрбаны» болған поляктарға көмектескен адамдарға «адамның қадір-қасиетін қорғаудағы көрнекті ерлігі үшін» естелік пен алғыстың белгісі ретінде беріледі.

2019 жылдың 12 қыркүйегінде Люблин қаласындағы Мемлекеттік кітапхананың ескі галереясында фотокөрме өтті: «Ұлы даланың ұлы ойшылдары. Қазақстан тарихы мен мәдениеті».

Соңғы жылдары поляктардың жүрегін заманауи қазақстандық музыка көбірек жаулап алуда. Польшада Қазақ эстрадасының жұлдызы, әнші Димаш Құдайберген әсіресе танымал.

Д.Құдайберген 2017 жылы «Азиядағы ең танымал әнші» және Hollywood Music in Media Awards сыйлығының «Ең жақсы бейне ойын әні» үшін Қытай музыкасының жоғарғы жүлдесін иеленіп, әлемге танымал болды. Содан бері Димаштың ерекше дауысы мен әнін сүйетіндердің қатары дүние жүзінде бұрын-соңды болмаған күшпен өсіп келеді. Қазіргі таңда Димаш Құдайбергеннің фан-клубтары әлемнің 47 елінде, соның ішінде Польшада жұмыс істейді. Димаштың белсенді де, қатысушысы көп поляк фан-клубы (Facebook желісіндегі 13 000-ға жуық жазылушысы) қазақстандық әншінің шығармашылығының да, жалпы қазақ мәдениетінің де Польшада танымал болуына зор үлес қосуда.

2020 жылғы 29 маусымда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу аясында Польшаның Poczta Polska пошта операторының ғимаратында қазақтың ұлы ақыны және ойшылына арналған марканы шығарудың ресми рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан Елшілігінің өкілдерімен бірге Poczta Polska басшылығы мен Польшаның Сыртқы істер министрлігі қатысты.

2020 жылдың 9 тамызында «Абай. Полония. Польша» (бейнеконференция арқылы) Қазақстанның және Польшаның академиялық орталары өкілдерінің қатысуымен қазақтың ұлы ақынының шығармашылығына арналған кездесу өтті.

Екі елдің әдебиет классиктерінің шығармалары қазақ және поляк тілдерінде, соның ішінде Абайдың «Қара сөздері» шығармасы ақынның туғанына 175 жыл толуы аясында поляк тілінде жарыққа шықты.