2016 жылдың 6 маусымынан бастап Қазақстан мен Польшаны білім саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім байланыстырады. Соның нәтижесінде қазір Польшаның жоғары оқу орындарында Қазақстаннан 1200-ден астам студент білім алуда.

Жылдан-жылға қазақстандық және поляк университеттері мен ғылыми орталықтары арасындағы ынтымақтастық кадрларды ғылыми алмасу және бірлескен ғылыми жобалар саласында дамып келеді.

Польша тарапынан қазіргі уақытта қазақстандық әріптестерімен ең белсенді ынтымақтастықты жүзеге асыруда:

Познаньдағы Адам Мицкевич Университеті;

Ауыл шаруашылығы және азық-түлік экономикасы институты;

Мал шаруашылығы ұлттық ғылыми-зерттеу институты;

Мемлекеттік ветеринарлық институт;

Өсімдіктерді қорғау институты;

Бау-бақша институты.