Польша Қазақстанның Орталық және Шығыс Еуропадағы жетекші сыртқы экономикалық серіктестерінің бірі болып табылады. Қазақстан-Польша тауар айналымы Польша мен Орталық Азия елдері арасындағы жалпы тауар айналымының 80%-дан астамын құрайды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық комитетінің мәліметі бойынша, 2021 жылы Қазақстан мен Польша арасындағы екіжақты тауар айналымы 760,4 млн АҚШ долларын (2020 жылмен салыстырғанда +12,4%) құрады, оның ішінде қазақстандық экспорт – 372,2 млн АҚШ долларын құрады. (+19,9%), импорт – 388,2 млн АҚШ долларын (+20,3%) құрады.
Қазақстандық экспорт құрылымында Польшаға энергетикалық ресурстар, шикізат пен химия, көмір, металлургия және ауыл шаруашылығы өнеркәсіптерінің өнімдері, оның ішінде астық пен мақта.
Польшадан Қазақстанға импортталатын негізгі тауарлар: электр құрылғылары мен жабдықтары, химия өнімдері, ауыл шаруашылығы өнімдері, азық-түлік, жиһаз, фармацевтика.
Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметі бойынша, 2005 жылдан бері Польшадан Қазақстанға тікелей инвестиция ағыны 280 миллион АҚШ долларын құраған.
Қазіргі уақытта Қазақстанда поляк капиталының қатысуымен 200-ге жуық заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер тіркелген, олардың 100-ге жуығы белсенді жұмыс істейді.
Екіжақты қарым-қатынастардың маңызды тетігі экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия болып табылады. Бүгінгі күні Комиссияның 8 отырысы өтті (соңғы отырысы 2018 жылдың 20 маусымында Астана қаласында өтті).
2017 жылдың күзінде қабылданған Польша инвестиция және сауда агенттігінің Астана қаласында өкілдігін ашу туралы шешім Қазақстанның сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығы векторының Польша үшін маңыздылығын дәлелдейді.
Жүктеуге арналған ақпарат:
Қазақстандағы ірі инвесторларға арналған артықшылықтар [PDF]